BigONE Eurasia барлық пайдаланушыларға кәсіби әрі қауіпсіз цифрлық активтермен сауда қызметтерін ұсынуға ұмтылады. Тіркелгіңіз бен активтеріңіздің ең жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету үшін біз пайдаланушының растау (верификация) мәртебесіне негізделген көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесін қолданамыз. Төмендегі деңгейлермен танысыңыз:
1. Төмен қауіпсіздік деңгейі
Сіз электрондық поштаңызды растадыңыз. Алайда қаражатты шығару және аудару мүмкіндіктерін қосу үшін екі факторлы аутентификацияны (2FA) мүмкіндігінше тезірек белсендіруіңіз қажет.
2. Орташа қауіпсіздік деңгейі
Сіз электрондық поштаңызды растадыңыз және депозит пен сауда қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Алайда қаражатты шығару және аудару қызметтері "Тұтынушыны танып-білу" (KYC) рәсімінен өтпейінше шектелген.
3. Жоғары қауіпсіздік деңгейі
Сіз KYC верификациясын сәтті аяқтадыңыз. Енді тіркелгіңіздің қауіпсіздігін күшейту үшін Актив PIN-кодын (Asset PIN) орнатуға мүмкіндігіңіз бар.
4. Ең жоғары (күшті) қауіпсіздік деңгейі
Сіз Asset PIN-ді белсендірдіңіз, енді барлық функцияларға толық қол жеткізе аласыз және BigONE Eurasia ұсынатын ең жоғары қауіпсіздік деңгейімен қорғаласыз.
BigONE Eurasia қауіпсіздік деңгейлері (кесте) | ||||||
Қауіпсіздік деңгейі | 2FA | KYC/KYB | Asset PIN | Депозит | Сауда | Шығарым / Аудару |
ТӨМЕН | Өтпеген | Қолжетімді | Қол жетімсіз | Қолжетімді | Қолжетімді | Қол жетімсіз |
ОРТАША | Өткен | Өтпеген | Қол жетімсіз | Қолжетімді | Қолжетімді | Қол жетімсіз |
ЖОҒАРЫ | Өткен | Өткен | Толық емес | Қолжетімді | Қолжетімді | Қол жетімсіз |
ЕҢ ЖОҒАРЫ | Өткен | Өткен | Толық аяқталған | Қолжетімді | Қолжетімді | Қолжетімді |