BigONE Eurasia тенгемен (KZT) депозиттерді қолдайды және фиат арқылы қаражат енгізудің келесі тәсілдерін ұсынады:
BigONE Eurasia аккаунтыңызға кіріп, экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «Есептік жазба» бөліміне өтіңіз.
«Есептік жазба» бөліміне өткен соң, «Депозит» батырмасын басыңыз.
Осыдан кейін сізге BigONE Eurasia-ның Bereke банкіндегі банк деректемелері көрсетіледі. Сол деректемелер бойынша сіз BigONE Eurasia платформасына енгізгіңіз келетін теңге сомасын аудара аласыз.
Назар аударыңыз! Төлем тағайындау жолында жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) көрсетуіңіз керек. Төменде көрсетілген нөмір – тек мысал ретінде берілген.
Ескерту: Егер сіз кәсіби клиент ретінде платформамызда арнайы тесттен өтпеген болсаңыз, депозит сомасы айына $1000 АҚШ долларына баламалы мөлшерден аспауы тиіс.
Сіз көрсетілген банк деректемелері бойынша ақша аударымын жасағаннан кейін, сіздің фиаттағы балансыңыз 24 сағат ішінде BigONE Eurasia жүйесінде толықтырылады.
Өз фиат балансты «Сауда аккаунты» бетінде көре аласыз, төмендегі скриншоттағыдай.
Егер сіздің балансыңыз 24 сағат ішінде толықтырылмаса, бізге қолдау бөліміне тикет жіберіңіз немесе cs@big.one электрондық поштасына хат жолдаңыз.